jasqazaq.kz

Жоғалған оқушы жалдамалы пәтерден табылды

10 қараша 2019, 23:21

Алматы облысында жоғалған 14 жастағы оқушы қыз табылды. Ол Алматыда жалдамалы пәтерлердің бірінен табылған.Бұл туралы облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Ведомстводағылар қыздың 7 қарашада жоғалғанын еске салды. Ұйғыр аудандық полициясының кезекші бөліміне Үлкен Ақсу ауылының 37 жастағы тұрғыны хабарласып, 2005 жылы туған қызы Нигара Кадирдинованың жоғалып кеткенін айтқан. Бойжеткенді іздестіру үшін аудан полициясының жеке құрамы мен еріктілер жұмылған.

Қызды табуға оның туыстары мен еріктілер көмектескен.

«Қызды қызметкерлеріміз кеше Алматыдан тапты, сөйтіп, оны Шонжы ауылындағы үйіне қайтарды. Қазір ол туыстарына табысталды. Қыз Интернет арқылы танысып, араласып жүрген жігітіне қашып кетіпті. Қызбен ювенал полицейлері алдын ала әңгіме жүргізіп, тізімге алынды», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін ата-анасын әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралып жатыр екен.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда