jasqazaq.kz

Жоғалған оқушы қыз 9 жылдан кейін табылды

21 қыркүйек 2020, 19:50

Маңғыстау облысында тоғыз жыл бұрын жоғалып кеткен қыз Алматыдан табылды. Ол 2011 жылы үйінен мектепке емтихан тапсыруға шығып, сол күйі оралмаған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ол жоғалып кеткенде жасы 16 болған.

Хабар ошарсыз кеткен қыздарын ата-анасы көз жұмды деп ойлаған.

Арада 9 жыл өткенде оны Мұнайлы ауданы полициясының қызметкерлері іздеп тапты.

«Қанша уақыт өтсе де, іс жабылмайды. Жоғалғандарды іздеу жұмысы жалғаса береді. Кейде із-түзсіз кеткендерді 12, тіпті 15 жылдан кейін табатын кездер болады. Міне, бұл қыз да енді табылып отыр. Тексеріс барысында анықталғандай, ол мектеп емтиханын тапсыра алмағандықтан, үйіне баруға ұялған. Сөйтіп, мүлде басқа қалаға кетіп қалуға бел байлаған. Қазір ол ата-анасымен бірге үйінде», — деді департаменттен.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық