jasqazaq.kz

Жоғалған кішкентай қыз қараусыз қалған үйден табылды. Жанында ер адам болған

27 сәуiр 2021, 11:15

Қаражал қаласында 26 сәуірде кішкентай қыз жоғалып кетті. Ол қараусыз қалған ескі үйден табылды. Жанында 55 жастағы ер адам болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қарағанды облысының Қаражал қаласында төтенше жағдай болды. 26 сәуірде кешке аулада жүрген кішкентай қыз із-түссіз жоғалып кеткен. Оның жоғалғаны туралы полицияға анасы хабарлаған.

«26 сәуірде сағат 22.26-да Қаражал қалалық полициясының кезекші бөліміне 30 жастағы тұрғын қызының жоғалып кеткені туралы арыз түсірді. Полиция қызметкерлері, әкімдік, ТЖБ өкілдері және еріктілер қалада іздестіру шараларын өткізді. Іздеу барысында қараусыз қалған үйден 55 жастағы қала тұрғыны мен оның жанынан кішкентай қыз табылды», — деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Ер адамның онда не істегені тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта ол қамауға алынған.

«Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», — деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия