jasqazaq.kz

Жоғалған келіншекті іздеген сүңгуір табылмай жатыр

16 сәуiр 2021, 21:08

Жоғалған келіншекті іздеген сүңгуір табылмай жатыр Гүлдана Санақбайды Тасөткел су қоймасынан іздеп жатқан сүңгуірдің бірі суға кетіп, денесі он төрт күннен бері табылмай жатыр. 23 жастағы келіншекті іздеуге бір топ құтқарушы Тараздан арнайы келген екен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Олар полицейлердің сұраныс хатында көрсетілген төңіректі сүзіп шығуға кіріскен. Кешке тақау іздеу аяқталар тұста кенеттен жел тұрып, екі метрлік толқын пайда болыпты. Асау ағыс 50 жастағы сүңгуір мінген қайықты қойманың ортасына қарай тартып әкеткен. 20 жылдық тәжірибесі бар Жұмағали Әбдірахманов кері қайта алмасын түсініп, желдің бағытымен жүре берген. Ол сол бойда оралған жоқ. Тіс қаққан маманның қалай суға батып кеткені түсініксіз. Жарты сағаттан кейін қарсы жағалаудан оның құтқару жейдесі мен мотор қайығы табылған. Ал өзін он төрт күннен бері әріптестері іздеп жатыр. Алматы облысынан да құтқарушылар көмекке келген. Тасөткел су қоймасының ұзындығы 21, ал ені 8 шақырым. Тереңдігі 25 метерге жуық. Ауқымды аумақтан адам денесін табуға 100-ге жуық құтқарушы мен екі тікұшақ жұмылдырылған.

Мақсат Қосыбаев, Жамбыл облысы ТЖД бастығының орынбасары:

— Өте тәжрибелі сүңгуір. Тәжрибесін мүмкіндігінше қолданды. Яғни бұл арада тек дауылдың әсері. Қатты тұрған дауылдан жоғарғы толқын қайықтың дер кезінде жағаға қайтуына дес бермеген.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия