jasqazaq.kz

Жоғалған бала Қапшағайға кетіп бара жатқан жерінен табылды

03 қыркүйек 2019, 12:37

Алматы полицейлері 2 қыркүйек күні кешке жоғалып кеткен 6 жасар баланы тапты. Бұл туралы Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеше кешкі сағат 17:55 кезінде «102» қызметтік нөміріне Бағжан Ерболат есімді алматылық баланың жоғалып кеткені туралы шұғыл хабар келіп түскен. Анасының сөзінше, бала соңғы рет «Дорожник» ықшамауданындағы үйінің ауласында ойнап жүрген.

«Біраз уақыт өткен соң бала аулада болмай шығады, сол кезде барып әйел дабыл қаққан. Біз бірден бірнеше іздеу тобын құрдық, оған криминалдық полиция, ювенальдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспектор, жергілікті әкімдік пен сабақ беретін мектептің қызметкерлері кірді. Бәрінен де бала сол маңдағы Үлкен Алматы каналына кетіп қалды ма деп қорықтық. Баланың түр-тұлғасын сипаттайтын тұспал Алматының барлық ауданындағы және Алматы облысының шекаралас полиция басқармаларына жіберілді», — деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының басшысы Дархан Мусанов.

Түнгі сағат ондар шамасында жол-патрульдік полициясы Қапшағай көпірінде самокатпен кетіп бара жатқан баланы байқаған. Бала облысқа қарай бет алған және самокаты өзімен бірге болған.

«Абырой болғанда бала дін аман. Оны бірден анасына жеткіздік, қуаныштан көз жасына ерік берген ол баласының аман оралғанына қатты қуанды. Бала үйден неліктен кетіп қалғанын айтпады. Осы жерде баланың қауіпсіздігіне ата-ана жауапты екенін айта кеткіміз келеді», — деді полковник Мусанов.

Дереккөзі: baq.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде