jasqazaq.kz

Жоғалған 200-ге жуық баланы мешітке орналастырды

24 маусым 2019, 16:39

Шымкент қаласының орталық мешіті эвакуацияланған тұрғындарды қабылдауда. Бас имамның орынбасарының сөзінше, оларға эвакуация кезінде ата-анасынан адасып қалған және балабақшалардағы балалар да жеткізілуде.

Бұл туралы ERNUR.KZ порталына сілтеме жасап.  Орталық мешіттің бас имамының орынбасары Мұхаммеджан Естеміровтің сөзінше, дәл қазір мешітке 500-ге жуық адам жеткізілген.
Сонымен қатар ол ата-анасынан адасып қалған, балабақшалар мен лагерьлерден жеткізілген балалар саны шамамен 200-ді құрайтынын айтты.
«Мүмкін болғанша, ата-аналарына хабарласып, телефон арқылы ақпарат таратып жатырмыз. Балалар, әсіресе, балабақша жасындағы балалар көп.
Қазір мешіттің жанындағы медресенің жатақханасын босатып, сонда орналастырып жатырмыз. Барынша көмек беруге тырысып бағудамыз. Қала халқына рахмет, сумен, азық-түлікпен көмектесіп жатыр», — дейді орталық мешіттің бас имамының орынбасары.
Еске сала кетсек, бүгін, 24 маусымда, сағат 9:20-да Арыс қаласында жарылыс болғанын хабарлаған едік. Оқиғаға қатысты Қорғаныс министрлігі пікір білдіріп, мән-жайды түсіндірді.
Тұрғындарды көшіру үшін қалаға 40 автобус тартылды. Түркістан облысы, Шымкент қаласы әкімдігі мен ТЖК тиісті шараларды атқарып жатқанын мәлімдеді.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде төтенше жағдай жариялады. Қала тұрғындары толықтай эвакуацияланады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда