
Алматы облысында жоғалған Айгүл Амангелді өлі табылды. Марқұмның мүрдесін таулы аймақтан полицейлер мен еріктілер тапты.
«19 мамыр күні 17 сағат 30минуттар шамасында Талғар ауданындағы Белбұлақ ауылына жақын таулы аймақтан Айгүл Амангелдінің мәйіті табылды. Қыздың денесінде қандай да бір қинап өлтіру белгілері байқалмайды. Алдын ала болжам бойынша, 18жастағы бойжеткен өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 105 бабына сәйкес тергеу жүріп жатыр»,-деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Дереккөзі: ҚазАқпарат