jasqazaq.kz

Жоғалған 15 жасар қыз екі күннен кейін табылды

22 сәуiр 2021, 16:22

Арыс аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Әйелдің айтуынша, оның 15 жасар қызы мектептен тісімді емдетемін деп сұранып кетіп, содан із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ата-анасы өздігінен 2 күн бойы іздеп, таппағаннан кейін полицейлерден көмек сұраған. Аталған хабарламаны алысымен полицейлер бірден іздеуге кіріседі. Көрген-білгендерден сұрастырады. Баруы мүмкін жерлер мұқият тексеріледі. Достарынан, туыстарынан жауап алынады. Жақын аумақтағы аулалар қаралады. Осылай жан-жақты 2 тәулік бойы жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында, Арыс қаласының көшелерінің бірінен қызды тауып, ата-анасына аман-есен табыстайды. Тексеру барысында, жасөспірім қыз отбасылық кикілжіңнен қашып, бірнеше күн қаладағы аулалардың бірінен жасырынатын қуыс тауып алып, сонда далада қонып келгенін жеткізді. Қазіргі таңда оқушы қыздың ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен шара көру мәселелері қаралуда. Одан бөлек, 15 жастағы бойжеткеннің бұдан алдында бір рет үйінен кетіп қалғаны белгілі болды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия