jasqazaq.kz

Жітіқарада екі күдікті 33 жастағы жігітті өлтіріп, өртеп жіберді

16 қараша 2021, 17:09

Жітіқара тұрғынын өлтіріп, өртеп жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысының Полиция басқармасы хабарлағандай, жітіқаралықты өлтірді деген күдікпен екі күдікті ұсталды.

14 қарашада Жітіқара ауданының Полиция бөлімінің «102» пультіне өрт сөндірушілерден өрт сөндірілгеннен кейін үйден белгісіз ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті, — дейді Қостанай облысы ПБ баспасөз қызметі.
Ведомство жедел тергеу тобы оқиға орнына жедел жеткенін атап өтті.

Оқиға орнын тексеру барысында полицейлер ер адамның жанып кеткен денесін тапты. Қызметкерлер марқұмның жеке басын анықтады. Ол Жітіқара қаласының 33 жастағы тұрғыны болып шықты.

Сот-медициналық сараптаманың нәтижелері денесінде өлімге алып келген дене жарақаттары бар екенін көрсетті.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, — дейді Қостанай облысы ПБ баспасөз қызметі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде