jasqazaq.kz

Жітіқара тұрғыны полицейді ұрды (видео

12 тамыз 2020, 20:21

Қостанай облысында тәртіп сақшысына қол жұмсаған бұзақы қамауға алынды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. Оқиға 7 тамыз күні Жітіқара ауданында болған. Тәртіп сақшылары Алданыш Берденов пен Әбсағит Есмұхамбетов сағат түнгі 03:20 шамасында шағын аудандардың біріндегі шақыртуға шығады.

https://youtu.be/cB1wlUmNx5k

«Полицейлер шақыру түскен орынға келіп, үйдің алдында сыра ішіп отырған 6 ер адамды көреді. Олар түнгі уақыттағы тыныштықты бұзғандарды «УАЗ» автокөлігіне отырғызбақ болады. Көлікке мінген соң ер адамдардың бірі тәртіп сақшысына соққы жасайды. Алайда полицей 43 жастағы бұзақыны әскери әдістің көмегімен тоқтатып, қолына кісен салады. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жүрген патрульдік полиция взвод қызметінің инспекторына қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 380-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды», — делінген полицияның ақпаратында.

Ал қоғамдық тыныштықты бұзған қалған 5 ер адамға әкімшілік айыппұл салынып, хаттама толтырылды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия