jasqazaq.kz

Жириновский терроризмді қаржыландырды деп айыпталды

23 тамыз 2017, 16:05

Украинаның бас прокуратурасы Владимир Жириновскийді терроризмді қаржыландырды деп айыптап отыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Прокуратура мәліметінше, Жириновский 2014 жылдың наурыз-сәуір айында өз егемендігін өздері жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларына материалдық көмек көрсету үшін ақша жинаумен айналысқан Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасының депутаттарын басқарған. «Осы қылмыстық әрекеттер дерегі бойынша (…) Украинаның бас прокуратурасы Украинаның Қылмыстық кодексінің 27-бабының 3-бөлігіне, 258-баптың 3-бөлігіне (Терроризмді қаржыландыру) сүйене отырып, Владимир Жириновский қылмыс жасады деген күдік келтірді», — делінген хабарламада. Ведомство мәліметінше, тергеу осы қылмысқа қатысты бар адамдарды анықтауға және оларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға қатысты шараларды қолданып жатыр.

tengrinews.kz

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде