jasqazaq.kz

Жиналыс үстінде кісен салынды

10 желтоқсан 2019, 17:51

БҚО полиция департаментінің тәртіптік комиссиясының шешімімен 1990 жылғы жас әйелді көлігімен қағып, мерт қылған учаскелік полиция инспекторының көмекшісі ішкі істер органдарынан қуылды.

Сурет : БҚО ПД баспасөз қызметі10 Желтоқсан 2019, 17:22
Орал қалалық полиция бөлімінің жеке құрамы қатысқан офицерлер жиналысында учаскелік полиция инспекторының көмекшісі жасаған заңсыздық сынға алынды, деп хабарлайды zakon.kz БҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің тәртіптік комиссиясының шешімімен 1990 жылғы жас әйелді көлігімен қағып, мерт қылған учаскелік полиция инспекторының көмекшісі ішкі істер органдарынан қуылды. Оған қоса, жиында БҚО ДП пен Оралық қалалық полиция бөлімінің бірқатар басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

— Жеке құрамның алдында ол тұтқындалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі, яғни «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол ережесін бұзуы немесе көлік құралдарын пайдалану, абайсызда адам өліміне соқтыруы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. БҚО ДП бастығы мінедетін атқарушы, полиция полковнигі Серік Сүйінбаев мұндай фактілерге полиция қызметкерлері арасында мүлде жол бермеу керектігін баса атап өтті. Кез келген құқық бұзушылық үшін полиция қызметкер заң бойынша жауапқа тартылады. Сондай-ақ, ол Ішкі қауіпсіздік басқармасына жеке құрамдағы адамдарды бақылауды күшейтуді тапсырды, — дейді полициядағылар.

7 желтоқсанда Audi B4 көлігін тізгіндеген полиция қызметкері Chevrolet Lacetti көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан 29 жастағы әйел алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.

zakon.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда