
Армысыздар, құрметті оқырман! Сіздерден ақыл-кеңес сұрайын деп едім. Тұрмыс құрмағанмын, жасым 22-де, университетті бітіріп, өзім 11 жыл оқыған мектепте мұғаліммін..Менің жақсы көретін жігітім бар. Оның жасы 23-те. Жігітім маған дейін бір қызбен жүріпті, нақты айтсам өзінен 9 жас үлкен әйелмен кездесіп тұрған екен.
Әлгі әйелдің суретіне қарасам, дұрыс әйелге ұқсамайды.Енді ол жігітімнен бала көтердім деп отыр екен. Жігітім Алматыда жүргенде ол өзі жиі-жиі хабарласып, мазалай берген көрінеді. Ал оның менің жігітімнен көтерген баласынан бөлек 3 баласы бар екен.
Мен ол әйел жайды жақында ғана білдім. Жігітім маған «сені жоғалтып аламын ба деп қорықтым, сол үшін айта алмадым» дейді. Енді не істерімді білмей отырмын. Жігітімді жақсы көремін, қимаймын, бірақ оған деген сенімім жоғалды.Бұл жағдайды ешкіммен бөлісе де алмаймын.