jasqazaq.kz

Жігітімнің бұрынғы әйелі мазамды алып жүр

22 маусым 2017, 12:33

Сәлеметсіздер ме! Аты-жөнім жсырын болсыншы. Мен мұңыммен бөліскім келіп еді. Әрі осындағы үлкен апалар ақыл айтарсыздар. Жігітім бар, жақында тұрмысқа шыққалы жүрмін. Жігітімнің мінезі бәрі жақсы, намаз оқиды. Бірақ бір мәселе ол ажырасқан, екі баласы бар. Әйелі ауылдық өмірге көндіге алмай кетіп қалған екен.

Ажырасарда 1 баласы болып, екінші баласына жүкті кезі екен… Жігітім маған сөз салмай тұрып бәрін түсіндірді, көндіктім себебі шын сүйемін. Осыдан 3 күн бұрын жолдас баласының әйелінен естідім, жігітім ажырасса да бұрынғы әйеліне барып тұрады екен, яғни өздеріңізде түсінген боларсыздар. Жігітімнің өзінен сұрағанымда, «жігітпін ғой, барған кездерім болды» деп жауап берді. Қатты көңілім қалып тұр. Біздің жүргенімізге 1 жарым жыл болды, ал бұл жағдай соңғы 7 ай ішінде болыпты… 27 маусым күні мамаларымыз тәтті шәйда кездеспек, әрі той күнін белгілемек. Осы істің шешімін таба алар емеспін. Көмектесіңіздер. Оның үстіне 2 апта болды бұрынғы әйелі маза берер емес, менін күйеуімді тартып алдың деп айыптайды мені. Мен ешкімнің отбасын бұзған жоқпын. Ажырасқан соң 8 айдан кейін біз таныстық. Жігітіме бұрынғы әйелінің мазалап жүргенін айтпадым, айтуым керек пе? Өтінемін, бір шешімге келуіме көмектесіңіздерші!..

alashainasy.kz

Бүгін, 13:36
Цифрлық экономика бүкілхалықтық сипат алады
Бүгін, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу