jasqazaq.kz

Жігітім несие алдырып қашып кетті

21 желтоқсан 2018, 12:48

Өзімнің басымнан өтіп жатқан оқиға жайлы жазсам деп едім. Мүмкін біреулерге сабақ болар. Жасым 24-те. осыдан 1,5 жыл бұрын бір жігітті кезіктірдім. екеуміз қыз-жігіт болып жүре бастадық. Осы жылдың қысында үйленуге ұсыныс жасады. Мен келістім. Тойға іштей дайындалып жүрдім. Бұл туралы «Алаш айнасы» хабарлады.

Ол жігіт машина сатумен айналысатын. Содан бір күні ақша керек деген өтінішпен келіпті. Сондай кезде көзім байланып қалды ма әлде басым істемей қалды ма барып банктен 600 мың кредит алып бердім.

Қайтарымы тез болады дегеннен соң 6-ақ айға алған болатынмын. Ол жігіт сол ақшаны алған күйі ұшты-күйлі жоғалды да кетті. Ақымақ басыммен мен қалдым. ол кредитті 2-ақ ай төлей алдым. енді төлеуге ақшам да жоқ. Қазір басым қатып жүр. Ағасы мен қарындасы екеуімен сөйлессем, оңбаған адамдар екен. Ақша алып берген өзің, енді өзің төле дейді. Өмірімде осындай қателікке бой алдырамын деп ойламаппын. қайтып айналып келсе ғой сол уақыт. Қыздар, менің жіберген қателігімді қайталамаңыздар. Маңдайма тигеннен кейін айтып отырмын. Білем, өзіңе де сол керек дейтін шығарсыздар, бірақ осы жасаған қателігімді басқа ешкімге айта алмаймын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде