
Қазнетте жігіті ұрып-соққан алматылық қыздың сұмдық суреттері тарап жатыр.
«Мен енді бұдан әрі үндемей қоя алмаймын! Жігітім мені осымен бір жыл бойы ұрып-соғып, ақшам мен телефонымды тартып алып жүр, өлтіремін деп қорқытып жүр. Өмірім үшін қорқамын», — деп жазған қыз Instagram желісіндегі парақшасында.
Алматы полиция департаменті қыздың 10 маусымда арыз жазғанын айтты.
«Қазіргі уақытта Алмалы ауданының полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында және кінәлі адамды жауапкершілікке тарту мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізіледі», — деді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram