jasqazaq.kz

Жігіт анасын баспалдақтан итеріп, полицейді ұрды

24 қыркүйек 2018, 18:03

Ақмола облысы Қарғалы ауылында 27 жастағы жігіт анасын баспалдақтан итеріп жіберіп, полицейді ұрды.
КТК хабарлағандай, Қарғалы ауылының тұрғыны Әмірбек Ахметов анасынан есіркі алу үшін ақша талап еткен. Егер талабы орындалмаған жағдайға өзіне қол саламын деп қорқытқан.
Есірткіге ақша таппаған жігіт ваннада тамырын тіліп, анасын баспалдақтан итеріп жіберді. Ол құлап қалған анасын ұруға жақындап еді, алайда полиция қызметкерлерін көріп қалды. Содан жігіт ас бөлмеге жүгіріп барып, қолына пышақ алып полицейлерге қарсылық көрсеткен. Ұстау барысында ол аудандық инспектордың басынан ұрып жіберіп, оны жарақаттады. Соққыдан полиция қызметкерінің мұрны сынды. Дегенмен, анасын итеріп жіберіп, полицейге қарсылық көрсеткен ер адам ақыр соңында қолға түсті. Билік өкіліне қарсы зорлық-зомбылық көрсеткені үшін оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сот алдында жауап берген Әмірбек Ахметов анасымен жанжалдасу кезінде өзінің тамырын кесіп жібергенін айтты. Ал полицейлер келгенде қызбалықпен біреуінің мұрнынан басымен ұрып жіберген. Өз анасына қол жұмсамақшы болған жігіт өзін қатаң жазалауды сұрап, тәртібін түзеуге уәде берді. Сот айыпталушыны қамауға алмай-ақ жазаға тартуға болады деген қорытындыға келді. Шешімге сәйкес Әмірбек Ахметов бір жарым жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесіліп, 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тартылды. Сондай-ақ, оған нашақорлықтан мәжбүрлі түрде емделу курсы тағайындалды.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді