jasqazaq.kz

Жігіт 13 жастағы туған бөлесін екі рет зорлаған

25 қантар 2018, 15:49

Астанада 13 жастағы жас қызды туған бөлесі екі рет зорлап, қылмысын жасырмақ болған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ.

Психологтар мұндай жайттардың күн санап артып келе жатқандығын айтып, дабыл қағуда. Айтуларынша, соңғы уақытта, туған-туыстары тарапынан зорлық көретін оқиғалар тым жиілеп кеткен.

«Жақында ғана 19 жастағы туған бөлесі 13 жастағы қарындасын екі рет зорлап кеткен іспен таныс болдым. Анасы үйде болмаған уақытта бөлесі қарындасын зорлап, бұл туралы ешкімге жақ ашушы болма деп қорқытқан екен. Содан, қыз бала болған оқиғаны тек бір айдан кейін ғана анасына айтып берген.
Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, бірақ кейіннен іс жабылып қалды. Себебі, ұлдың анасының жүрек талмасы ұстап, ауруханаға жатқан. Іс одан әрі насырға шаппасын деп, зорланған қыздың анасы әпкесі үшін, арызды қайтарып алған», — деп оқиғаны еске алды психолог Айдана Есетқызы.
Мамандар, зәбір көрсетушілердің көп жағдайда жазаланбай қалатынына алаңдаулы.

«Мұндай оқиғалар азаматтық некеде тұратын әйел адамдарға қатысты, себебі, олар да сол «күйеусымақтарының» сөзін сөйлеп, туған қыздарын сатып кетіп жатады. Осындай жантүршігерлік жайтқа көз жұма қарайтын аналарға таң қаламыз, құрсағында тоғыз ай көтерген бауыр еті баласын қалай оңай сатып кете салады? Әйел деген ең алдымен ана емес пе?
Тас бауыр аналар осындай әрекеттерімен өрімдей қыздарының болашағына балта шабады, сондықтан, үйге біреуді ертіп келместен бұрын, алдымен, туған перзенттерінің қамын ойласа екен»,-деп сөзін қорытындылады маман.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды