jasqazaq.kz

Жігер Ауыпбаев «Меломендіктердің» өзін қалай ренжіткенін айтып берді

02 мамыр 2019, 13:13

Жігер Ауыпбаев «Меломен» тобының жігіттеріне ренжулі екенін айтты. Бұл туралы «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлады.

Осыдан үш жыл бұрын жеке шығармашылығына бет бұрған әнші мен экс-әріптестерінің арасындағы шиеленіс әлі де шешілмеген. Жақында өткен ән кешіне Жігерді арнайы қонақ ретінде шақырған «Меломендіктер» концерттің телевизиялық нұсқасында Жігер мырзаны неге көрсетпей қойғанын айтты.

«Меломеннің концертіне шықтым қонақ ретінде. Кесіп алып тастады мені. Өзім іштей қатты қапа болдым. Себебі, 10 жылдық «Меломеннің» кеші деп шақырды. Мен арамыз жақсы болыпты ғой деп қуанып бардым. Бәрі әдемі болған. Концерттің кезінде мүмкін басқа өлең айтып көреміз дедім. Олар шешіп қойған екен», — дейді Жігер Ауыпбаев.

Әншінің өкпесін естіген «Меломен» тобының мүшесі Ғабит Бейбасұлы өз нұсқасын ұсынды. Оның айтуынша, топ дайындық барысында телеарнаға түсу туралы мүлдем ойламаған, дайындыққа қатты назар аударған. Сол себепті осындай жағдай орын алды деп ақталды өнер иесі.

«Ол жерде бізде көптеген нұсқа болды. 31 мен КТК арналары тәуелсіз арналар. Ал ұлттық арнада діни тақырыпқа келгенде өздерінің шектеуі бар. Біз ол жерде «Тауахит» деген әнді айттық. Ұлттық арна түсіреді деп ойламай, сол әнге дайындалып, шығып кеттік. Аяқ астынан ұлттық арна бізді түсіріп, ол әнді алып тастады. Бұл жерде біздің кінәміз жоқ. Бізге маңыздысы Республика сарайына келген үш мың адам болды. Ал телеарнадан көрсетпей қалады деп ойлаған да жоқпыз, оған уақыт та, мүмкіндік те болмады», — дейді Ғани Бейбасұлы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде