jasqazaq.kz

Жиенін көлікпен сүйреген

01 мамыр 2019, 10:37

Бішкекте 33 жастағы ер адам жиенін BMW көлігіне байлап, бірнеше метрге сүйреді деген күдікке ілінді, деп жазады Sputnik Қырғызстан.

«27 сәуірде сағат 8:00 кезінде аудандық ішкі істер басқармасына «Алтын Қазық» тұрғын алабында ер адамның баланы соққыға жыққаны туралы хабар түскен. Құқық қорғаушылар бірден оқиға орнына аттанып, олардың кім екенін анықтады», — делінген Ішкі істер бас басқармасы хабарламасында.

Тұрғын алабындағы үйлердің бірінде денесінің сау-тамтығы жоқ тоғыз жасар бала табылыпты. Милицияның мәліметіне сүйенсек, жеткіншекті туған нағашысы ұрып-соғып, көлікке байлап сүйреген.

Бала ауруханаға жеткізілді. Анасы Ресейге ақша табуға кетіп, ұлын нағашыларының қолына қалдырған екен.

Күдікті ұсталды, аталған дерек «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық