jasqazaq.kz

Жезөкшелерге жұмсаған: Ақмола облысында мешітті бес рет тонаған жігіт ұсталды (Видео)

15 желтоқсан 2022, 10:35

Ақмола облысы Қоянды ауылында Алланың үйіне ұрын кіріп, садақадан жиналған қаражатты қағып кеткен жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

«Қоянды ауылының мешітіне сағат түнгі 11-12 шамасында бардым. Барып, соның ішінде жәшікте ақшаны күттім», — дейді күдікті.

Мешітке түн ішінде пластикалық есікті бұзып кірген жігіт сейфке жету үшін күзеттен бұғып жәшікте жатқан. Қауіп сейілген кезде, садақа салынған сейфтің есігін бұзған. Сөйтіп 650 мың теңгені алып тайып тұрыпты.

Көп кешікпей қолға түскен күдікті садақадан жиналған ақшаны жезөкшелерге жұмсағанын айтқан.

Бұл азамат үшін мешіт тонау таңсық емес сияқты. Оңтүстіктен келіп, Қосшы кентінде тұрып жатқан ол осымен бес мешітті үптеп кеткен екен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде