jasqazaq.kz

Жезөкшелерге «қамқор» болған полицей 12 жылға сотталды

05 ақпан 2021, 14:12

Сот

Жезөкшелік притоны бар қылмыскерді қолдап, оған «қамқорлық» көрсетуден ақша тапқан ақтаулық полицей 12 жылға сотталды.

«Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ақтау қалалық полиция басқармасы Жедел-криминалдық бөлімшесінің жедел уәкілі Д.Айбековке үкім шығарды. Сот шешіміне сәйкес, бұрынғы полиция қызметкері 12 жылға бас бостандығынан айырылды», — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, сотталған полицей өзінің қызметтік жағдайын пайдаланған. Нақтырақ айтқанда, қылмыстық топ басшысына жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондар ұйымдастыруға, қызметін қамтамасыз етуге «қамқорлық» көрсеткен. Одан 3 млн теңге мөлшерінде ақша қаражатын алды деген күдікке ілінген.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия