jasqazaq.kz

Жезөкшелер жұмыс істетпей қойған полицейлерге наразылық білдірді

27 шiлде 2020, 15:47

Шымкентте карантин талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында үнемі рейдтер өтіп тұрады. Соның нәтижесінде полиция қызметкерлері заңбұзушылық жағдайларының үстінен түсті. Бұл туралы nur.kz хабарлады.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мегополистің Республика даңғылында тексеру жұмыстарын жүргізген. Себебі, тәртіп сақшыларына тұрғындардан жеңіл жүрісті қыздардың «ежелгі кәсібін» жалғастырып жүргені туралы хабарламалар түсіпті. Арызданушының бірі жезөкшелер тек қана карантин талаптарын ғана бұзып қоймайтынын, сонымен қатар клиент үшін жаға жыртысатынын жеткізген.

«Біз шаршадық, полиция келіп оларды таратады, сосын басқалары шығады. Біздің (ред. Қазақстан Республикасының) заңымыз өте жұмсақ. Олардың қандай аурумен ауыратынын кім біледі, сонысымен қоймай жезкөшелер өздеріне баға қойып алған. Олар сондай жағымсыз және өте дөрекі. Сіз оларға қараңызшы? Қалай ақша төлеуге болады? Айтуға сөзім жоқ», — деді Шымкент қаласының тұрғыны Арман.

Полиция қызметкерлерін аңғарған қыздар «келісіп тұрған клиенттерінін тастай салып», қаша жөнелген. Алайда тәртіп сақшылары олардың барлығын қолға түсірді. NUR.KZ тілшісі ұсталғандардың бірін әңгімеге тартып үлгерді. Ол жезөкшелікке ешқандай қатысы жоқ екенін айтып, ақталды.

«Мен құрбыммен бірге қыдырып жүрдім. Сұлу екеніме, маған барлығының тесіле қарайтыны үшін кінәм жоқ шығар. Полицияны көріп, қаша бастадым, басқа не істеуім керек еді», — деді ол.

Қолға түскен екінші қыз жұмыс істеуге рұқсат бермегені үшін наразылығын білдірді.

Шымкентте рейдтер жалғасып жатыр. Әр кеш сайын тәртіп сақшылары ондаған заң бұзушылықты анықтайды, бірақ бұл көпшілікке сабақ болмауда.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде