jasqazaq.kz

Жезөкшелер тәртіп сақшысын клиент деп ойлап қалыпты (видео)

15 сәуiр 2020, 21:57

#үйдеотыр

Көкшетауда тағы да жезөкшелер қолға түсті. Олар карантин шараларының күшейтілгеніне қарамастан, күндіз-түні жұмыс істеп тұрған саунада өз қызметтерін көрсеткен.Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

— Неше қыз керек? Азиза, Алина.

— Қанша сағатқа?

— Он сағатқа.

Түнгі екі шамасында саунаға келген полицейлерді мекеме әкімшісі де, жезөкшелер де кезекті клиент деп қалған. Саудаласып, қызмет бағасына келісіп тұрғаны сондықтан. Саунада тәнін саудалап жүргендер короновирустан да қорықпайтын тәрізді. Мұнда 21-25 және 28 жастағы үш қыз интимдік қызмет көрсетіп, табыс тауып келген. Бұл жерге оларды жеке көлігімен кісі тасымалдап жүрген көкшетаулық тұрғын жеткізіп салған екен.Полицейлер төтенше жағдай тәртібін бұзған сауна қожайынын, жезөкшелермен бірге жүргізушіні де, 49 жастағы әкімшіні де жазаға тартпақ.

Гүлнар Пинчук, Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі: 

— Олар төтенше жағдай режимін бұзды. Қазір карантин күшейтіліп, тіпті далаға рұқсатсыз шығуға болмайды. Осы саунаға қатысты 6 адамға әкімшілік іс қозғалды. Жүргізушінің «Тайота камри» көлігі айып тұрағына қойылды. Интимдік қызмет көрсетіп жүрген 3 қыз жезөкшелер санаты бойынша есепке қойылды.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі