jasqazaq.kz

Жезқазғанда жолдан өтіп бара жатқан 67 жастағы кейуананы көлік қағып кетті (Видео)

28 шiлде 2021, 17:43

Жезқазған қаласының танымал паблигінде жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан әйелді қаққан жол талғамайтын көлік туралы видео жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кадрдан қарт әйелдің жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқаны көрінеді. Қас-қағым сәтте оны көлік келіп соғады. Алған соққыдан әйел бірнеше метр қашықтыққа ұшып кетеді. Жүргізуші көліктен шығып, жәбірленушіге көмектесуге тырысады. Қазір зардап шеккен әжей аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. «Науқас реанимацияда. Ауыр аралас полижарақат, қабырғаның сынуы, жамбас сынуы, кеуде жарақаты тіркелген. Жағдайы тұрақты ауыр», — деп мәлімдеді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Жүргізушінің жаяу жүргіншіні қалайша байқамай қалғанын полицейлер анықтап жатыр. «Nissan Patrol көлігін 50 жастағы жүргізуші басқарған. Ол Сейфуллин көшесімен Абай көшесі жағынан Аманжолов көшесіне қарай келе жатып, 67 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан түрлі жарақат алған әйел медициналық мекемеге жеткізілді. Дерек тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінде.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 📍JEZQAZǴAN|QAZAQSTAN 🇰🇿 (@jezcars)

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия