jasqazaq.kz

Жезқазғанда зейнеткер аурухана жанындағы шұңқырға құлады

09 тамыз 2019, 15:54

Жезқазғанда зейнеткер аурухана жанындағы шұңқырға құлады Жезқазғанда орталық аурухана маңында қазылған шұңқырға зейнеткер әйел құлап кетті. Құрылыс жұмыстары жүргенімен айналасы қоршалмаған жердегі оқиғаны куәгерлер таспаға түсіріп алған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

2 жарым метр тереңдікке абайсызда оңбай құлаған әйелге медициналық көмек алыстан келген жоқ. Өйткені, құбыр төсеу жұмыстары орталық аурухана маңында жүргізілген. Мердігер қазылған жердің айналасын қоршамай, тек белгі беретін ленталар тартып қойған екен. Алайда, тұрғындар жолды қысқарту үшін траншеяның үстіне тақтай төсеп өтіп жүрген көрінеді. Кеше сол өткел сынып кетіп, бір адам опат бола жаздады.

Ақылтай Хамитов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының техникалық жабдықтау бөлімінің қызметкері:

— Қазір жарақат алған зейнеткер сол ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа. Арқасы мен бел тұсын зақымдаған. Мердігер компания қазылған жердің маңында белгі орнатқандарымен оны көбі елемейді. Соның салдарынан оқыс оқиға болып отыр.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда