jasqazaq.kz

Жезқазғанда кәсіпкер әйелді скотчпен матап, азаптап өлтірген

26 қазан 2017, 15:05

Сәтпаев қаласының тұрғындары жезқазғандық кәсіпкер әйелді азаптап өлтіргені үшін сотталды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл жантүршігерлік өлім туралы іс Қарағанды облыстық қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотында қаралған.

Іс материалдарына сәйкес, кісі өлтіру дерегі биылғы жылдың 10 маусымында Жезқазған қаласыныда орын алған. Бастапқыда қылмыскерлер оны тонамақ болған екен. Олар арнайы дайындалып, скотч, қолғап және ұялы телефон сатып алған.

«10 маусым күні күдіктілер марқұмның нөміріне хабарласып, оның пәтерін жалға алмақ болған. Осылайша олар сағат кешкі сегізде кездеспек болған. Қылмыскердің бірі жалға алушы есебінде пәтерге кіріп, пәтер қожайынына шабуыл жасаған. Ол оны желкесінен ұрып, әйел ес-түзсіз құлайды.

Осылайша ол әйелді матап, аузын скотчпен жапсырып тастайды. Қылмыскерлер әйелдің сөмкесін ақтарып, одан ақша мен ұялы телефонын алады. Олжаға қанағаттанбаған олар оның пәтерінің қілтін алып, бірі далаға шығып кеткен.

«Пәтерде қалған қылмыскер әйелді өзінің түрін көріп қойғандықтан, өлтірмек болады. Ол оның бет-аузын скотчпен матап, үстінен пакет кигізген. Зардап шеккен әйел тұншығып қайтыс болған», — делінген іс материалдарында.

Ол мәйітті пәтерде қалдырып, сыртынан құлыптап кеткен. Артынша екі қылмыскер зардап шеккен әйелдің үйіне барып, оны тонап кетеді.

Ұрланған 1 млн теңгені теңдей бөліп алған қылмыскерлерді полицейлер ұстаған кезде бірауыздан кінәсін мойындаған.

Судья олардың бірін 17, екіншісі 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза кесті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде