jasqazaq.kz

Жезқазғанда істен шыққан екі қазандықтың бірі іске қосылды

30 қараша 2022, 11:33

Жезқазған қаласының басшылығы істен шыққан екі қазандықтың біреуі түнде іске қосылғанын хабарлады. Қазіргі таңда жылу-электр орталығында 4 қазандық пен 3 турбоагрегат жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жезқазған қаласы әкімінің мәлімдеуінше, түнгі 03.54-те 6-шы турбогенератор, ал таңғы 04.30-да қазандық агрегаты іске қосылған.

Қазір Жезқазғандағы үйлер мен әлеуметтік нысандар 4 қазандық арқылы жылытылып отыр.

«Қазіргі уақытта 4 қазандық (No6,7,9,11), сонымен қатар 3 турбоагрегат (6,7,8) жұмыс істеп тұр. ЖЭО-дан жылу бекітілген температуралық кестеге сәйкес шығарылады. ЖЭО штаттық режимге кірді», — деп мәлім етті әкімдік.

Бүгін синоптиктердің болжамынша Жезқазғанда ауа температурасы -8 градусқа дейін төмендейді.

Тұрғындардың айтуынша, пәтерлер енді ғана жыли бастады.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр