jasqazaq.kz

Жезқазғанда ер адам оқушы қызға пышақ тығып алған

04 маусым 2021, 15:50

Жезқазғанда мектеп оқушысын пышақтап тастаған жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

3 маусым күні кешке Қарағанды ​​облысы, Жезқазған қаласының әкімшілік бөліміне 14 жасар мектеп оқушысы медициналық мекемеге пышақ жарақатымен жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.

Жәбірленуші үйінің жанында белгісіз жігіттің өзіне жақындап келіп, пышақ сұғып алғанын айтады. Артынша жігіт оқиға орнынан қашып кетеді. Қыз жігітті танымайтынын айтты.

Учаскелік полиция инспекторлары ізін суытпай күдікті — 20 жастағы жас жігітті ұстады. Ол бұзақылық ниетпен жәбірленушіге дене жарақатын салғанын мойындады.

Шабуылдаушы қызды танымайтынын, оған ешқандай қатысы жоқ екенін айтты. Қолына пышақ алып көшеге шыққан ол бірінші көрген қызға пышақ тығып алған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты алдын алу шарасы қабылдануда.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық