jasqazaq.kz

Жезқазғанда бөбекжай әкімшілігі 100 келі алкоголь қосылған кәмпит сатып алған

18 наурыз 2021, 12:26

Жезқазған қаласының «Балдырған» бөбекжай әкімшілігі мектеп жасына дейінгі балаларға құрамында алкоголь бар жүз келі кәмпит сатып алған.

Goszakup.kz сайтында құрамында алкоголь бар 100 келі шоколад кәмпиттерін сатып алу туралы лот жарияланды. Сайт деректері бойынша, сатып алу жүзеге асып қойған. Лоттың техникалық сипаттамасында кәмпит жұмсақ, шоколад қосылған және құрамында алкоголь болуы керек деп көрсетілген.

арағанды облысының білім басқармасы лотқа қатысты түсінік берді. Жезқазғанның білім бөлімі мәліметіне сүйенсек, лот сипаттамасында қате кеткен.

«Тәрбиеленушілер мен білім алушылардыға арналған тауарды сатып алу бойынша 2021 жылдың 2 наурызында «Мемлекеттік сатып алу порталына берілген сипаттамада» «Балдырған» бөбекжайы» техникалық қате жіберген. Конкурс 16 наурыздан бастап тоқтатылды. «Балдырған» бөбекжайының» басшысына қатысты тиісті шаралар қабылданады», — деп хабарлады Жезқазған қаласының білім беру бөлімінің өкілдері.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия