jasqazaq.kz

Жезқазғанда 7 күн адасып жүрген балықшылар құтқарылды

11 қараша 2019, 18:01

Жезқазғанда инспекторлар екі азаматты құтқарып қалды. «10 қарашада сағат 17:00-де «Охотзоопром»-ның Қызылорда филиалының инспекторлары рейд кезінде «Солдат» дала аймағында Қарағанды және Қызылорда облыстарының арасындағы Жезқазған қаласының екі тұрғыны Тарашчик Сергей Алексеевич (1977 ж.т.) және Шульца Марина Илгизовнамен (1977 ж.т.) кездейсоқ кездескен. Анықталғанындай, 2 қарашада Тарашчик С. және Шульц «Лада» көлігімен балық аулауға шығып кеткен. Ақыры олар, қарлы боранға тап болып, далада адасып қалған. Олар жеті күн бойы далада түнеп, қоныс іздеумен әуреге түскен. Бірақ олар ешкімді кездестірмепті. Осы уақыт ішінде олар шұңқырдан су ішіп, біршама қиналған», — дейді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында. ҚазАқпарат хабарлағандай, Жоғалған адамдар табылған кезде «Охотзоопром» инспекторлары барлық қажетті көмек көрсеткен. Инспекторлар балықшылардың отырып қалған көлігінің аккумуляторын қуаттап, көліктерін оталдырып, Төтенше жағдайлар департаментіне хабар берген. «Олардың туған-туыстары іздеу жариялаған. Инспекторлар оларды жақын арадағы ауылға апарып, құтқарушыларға тапсырды. Тамақ іздеп жүріп адасқандар автокөлікке жазба қалдырып та кеткен», — дейді ол.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда