jasqazaq.kz

Жездесінен балалы болған қыз басқа еркекпен қашып кеткен

30 қазан 2018, 10:41

Шымкентте өзінің жездесінен аяғы ауыр болып, дүниеге нәресте алып келген 18 жастағы қыз ұшты-күйлі жоғалып кетіп, көпшілікті әуре-сарсаңға салды. Жас ана сәбиімен бірге емделіп жатқан жерінен жоқ болып кетіпті. Ақ халаттылар болса журналистерге ештеңе айтпаған.

Nur.kz    жазғандай, Шымкенттегі колледждердің бірінде 2 курста оқитын студент қалалық балалар ауруханасына алдыңғы аптада жедел жәрдеммен жеткізілген. Оның 2 жасар баласының өкпесіне салқын тиіп, ауырған соң, емделу үшін дәрігерлер осы жерге әкеліпті.

Алайда араға бес күн салып 18 жастағы бойжеткен сәбиімен қоса із-түзсіз жоғалып кеткен.

Ал «қызымды ештеңеге қарамастан баласымен бірге бақтым» деген анасы жанын қоярға жер таппай отыр. Оның ойынша, қызы белгісіз ер адаммен көңіл жарастырып кеткен сыңайлы. Өйткені, жоғалардан бұрын өзін «ақтөбелік тұрғынмын» деп таныстырған жігіт оның үйіне жиі келгіштеп жүрген көрінеді.

Арада үш тәулік өткенде алыстан хабар келіп, жоғалған ана мен бала Алматыда екені белгілі болды.   Мұны естіген бойжеткеннің анасы қызына қатты ашулы екенін жеткізді. “Тоғыз ай көтеріп, толғатып, ақ сүтімді берген қызым еді. Баласын кішкентайымнан бауырыма басып, ішпей-жемей соның аузына беріп отырған кездегі менің қызымнан көргенім осы болды. Ұстап алсам екеуін де аямаймын”, – дейді ол.

Қазір бұл іспен Қаратау аудандық полиция бөлімі айналысып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, 18 жастағы бойжеткен осыдан екі жыл бұрын туған жездесінен жүкті болып сәби сүйген еді. Ал, сол кезде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскені үшін ер азамат ұзақ жылға сотталған болатын.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді