jasqazaq.kz

Жездем жаныңа жігіт жолатпа деп қатаң тиым салды

08 мамыр 2018, 19:57

Кішкентай кезінен бастап туған жездесімен төсектес болып, бүгінде жасы он сегізге келген ару алдағы өміріне алаңдайтынын жеткізді. Айтуынша, жездесі оны қорқытып, «өзге жігіттерді жаныңа жолатпа» деп айтады екен. Бұл туралы el.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, бойжеткен небәрі 6 сыныпта оқығанда әпкесінің үйіне жазғы демалысқа қонаққа барған екен. Әпкесі түнгі кезекшілікке жұмысқа кеткен уақытта, жездесі келіп, балдызымен төсектес болып қойған.

Содан бері туысы осындай сорақы әрекетін бірнеше жыл бойы жалғастырып келіпті.

«Қазір жасым он сегізде, жездем әлі де менімен байланысын үзгісі жоқ. Ал мен өзім қатарыммен үй болып, бақытты жанұя болғым келеді. Бала сүйгім келеді. Әйтеуір осы уақытқа дейін аяғым ауырлап қалмай жүргеніне таң қаламын. Кейде ойланамын, осы мен бедеу шығармын деп. Жездем ешкіммен сөйлеспе, жігітті жаныңа жолатпа деп қатаң тиым салып қойды. Не істерімді білмеймін», — дейді ару.
Сонымен бірге ол жездесінің оны қорқытып жүргенін де жасырмаған.

«Өлтірем деп қорқытып қойған. Соңғы уақытта не істесе де көніп жата беретін болдым. Басқа амалым да жоқ. Ешкімге сырымды айта алмаймын. Кейде өлгім келеді. Бірақ…менің де алда бақытты күндерім бар шығар.Кім білсін…», — деп әңгімесін аяқтаған бойжеткен.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық