jasqazaq.kz

«Жетісу» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды

04 маусым 2020, 14:36

«Жетісу» телеарнасының бас директоры болып марқұм Бейсен Құранбектің орынбасары Серік Әбікенұлы тағайындалды.

Бұл туралы Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел өз Facebook парақшасында жариялады.

Естеріңізге сала кететін болсақ 2014 жылдан бастап Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры қызметін атқарған Бейсен Құранбек 18-ші мамыр күні дүниеден озған болатын. Араға 17 күн салып орнына өзінің орынбасары Серік Әбікенұлы Сарыбай тағайындалды. «Ал, міне жақсы жаңалығым! Серік Әбікенұлы Сарыбай «Жетісу» телеарнасының директоры болып тағайындалды. Бейсекеңмен бірге бастаған істі жалғастырып, арнаның даму жолы Секеңнің басшылығымен жалғаспақ»,- делінген Ғалымұрат Жүкелдің қалдырған жазбасында.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия