jasqazaq.kz

Жетісу облысының тілдерді дамыту басқармасына басшы тағайындалды

09 тамыз 2022, 16:50

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Ермек Сүндетбайұлы Ақшабаев Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Ермек Сүндетбайұлы 1984 жылы туған, білімі жоғары.

Ж.Мусин атындағы қазақ педагогика колледжін «мемлекеттік тілде оқымайтын мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті», академик Жолдасбеков атындағы құқық және экономика институтын «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Көксу ауданы Амангелді орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып бастаған.

Кейін Көксу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жетекші маманы, бас маманы қызметтерін атқарды.

2017 жылдың қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің басшысы болды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық