
Жаңадан құрылған Жетісу облысына әкімі болып Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайтына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.
«Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, оның Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттық өкілеттігі тоқтатылсын.», — делінген хабарламада.
Исабаев бұған дейін ҚР Парламент Сенатының депутаты болған.