jasqazaq.kz

Жетісу облысында ер адам өртеніп жатқан үйден үш баланы аман алып қалды (Видео)

08 желтоқсан 2022, 14:45

Жетісу облысында ер адам өртеніп жатқан үйден үш баланы алып шыққан, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 7 желтоқсанда сағат 21:40-та Панфилов ауданы, Үлкен ауылында тұрғын үй өртенген. Сағат 22:22-де 50 шаршы метр аумақта өрт сөндірілді.

Бұл ретте өртті көріп, ол туралы хабарлаған ер адам өртсөндірушілер келгенге дейін жанып жатқан үйден 2010, 2014 және 2018 жылы туған үш баланы шығарған. Сол үйде ұйықтап жатқан ересектерге көмектесіп, үйден екі газ баллонын шығарып, өз бетімен өртті сөндіруге кіріскен.

Балаларды құтқарған қаһарман қызметтен бос уақытында үйде болған Жаркент қаласы ПЧ-11 өртсөндірушісі, азаматтық қорғау кіші сержанты Айтбаев Еркебұлан Тұрғанұлы болып шықты. Өрттің алдын ала себебі — қатты отынмен жұмыс істейтін пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде