jasqazaq.kz

Жетісу облысында 19 адам қар құрсауынан құтқарылды

23 қараша 2022, 13:17

Жетісу облысында 19 адам қар құрсауынан құтқарылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 22 қарашада сағат 20:10-да Төтенше жағдайлар департаментіне республикалық маңызы бар Сарыөзек-Көктал тасжолының 40-шы шақырымында қар құрсауында адамдар мінген көліктер қалып қойғаны туралы қоңырау түскен. Сарыөзек кентінен Төтенше жағдайлар бөлімінің кезекші бригадасы қар-батпақ көлігімен дереу аттанған. Оқиға орнына жеткенде қалың қар жауып, қатты боран соққаны анықталды.

«Жедел-құтқару жұмыстарының нәтижесінде ТЖД қызметкерлері Алтын-Емел асуында қар құрсауынан 19 адамды шығарды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», — делінген хабарламада.

Ауа райының нашарлауына байланысты облыстың Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ұзақ сапарға шықпауды, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды және 112 қызметінің SMS хабарламаларын назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта