jasqazaq.kz

Жетісайлықтарға маска киіп жүру міндеттелді

01 сәуiр 2020, 17:42

Түркістан облысында бес тұрғын коронавирус жұқтырған Жетісай ауданында маскалық режим енгізілді. Бұл туралы Жетісай аудандық әкімдігі мәлімет таратты.

«Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты құрылған штабтың шешіміне сәйкес аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және короновирус індетінің алдын алу мақсатында Жетісай ауданына маскалық режим енгізілетінін хабарлаймыз. Осыған орай көшеге шығар кезде жалпы қоғамдық тәртіпті сақтауға, мейілінше кез келген жерге маскасыз бармауға кеңес береміз. Төтенше жағдай кезінде тәртіпті бұзғаныңыз үшін заң алдында жаупкершілікке тартылып, ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы кодексінің 476-бабы бойынша жауапкершілікке тартылатыныңызды ескертеміз» делінген әкімдік хабарламасында. Айта кетейік, ауданда індеттің алдын алу мақсатында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Арнайы блок бекеттер құрылып, полиция инспекторлары мен медицина саласының мамандары тәулік бойы әрбір көлікті тоқтатуда. Арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуын өлшеп, тексерістен өткізуде. Сонымен қатар, блокбекетте тіркеуден өткен әрбір азаматқа қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, ойын-сауық орталықтарына бармау мен көпшілік орындардан оқшаулану, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау мен бетпердемен жүру керектігі түсіндірілуде.

ҚазАқпарат

Бүгін, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова