jasqazaq.kz

Жетісайлық ұстаздың отбасында үшем дүниеге келді

17 шiлде 2021, 16:30

Екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған Жомарт Бахитов пен Аягөз Қарымсақованың отбасы үшеммен толықты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Сәбилерге — Ернұр, Балнұр, Айнұр есімдері берілген.

«Қарақай» ауылдық округі Сәтпаев елдімекенінде тұратын ата-ана аудан орталығында ұстаз болып жұмыс істейді.

Қазіргі таңда нәрестелер периниталды орталық дәрігерлерінің бақылауында.

Олар медицина қызметкерлерінің көмегімен салмақ қосып, денсаулығы қалыпты жағдайда.

«Әулетімізде отағасы жағынан егіз бар. Алғашында дәрігерлер үшем босанасың дегенде ерекше толқыныс пен аздап қорқыныш болды. Алланың менің отбасыма жасаған сыйына сансыз шүкір етемін», — дейді үшемнің анасы.

Айта кетейік, Жетісай ауданында былтыр 51 егіз дүниеге келген. Оның 22-сі егіз қыздар, 16-сы егіз ұлдар, 12 отбасында аралас сәбилер туған.

Ал, биыл 10 отбасында егіз сәби жарық дүние есігін ашқан.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия