jasqazaq.kz

Жетісайлық әйел күніне 350 мың теңге табатын бизнес ашты

11 қыркүйек 2020, 16:45

Жетісай қаласының тұрғыны Эльмира Жалтеева 505 мың теңге көлемінде қайтарымыз мемлекеттік грант жеңіп, кір сабын өндірісін қолға алған. Бұл туралы   Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап zakon.kz хабарлайды.

Құрылғанына 1 жыл толған «Эльмира» жеке кәсіпкерлігі бүгінде тәулігіне орта есеппен 1 тонна, яғни 5000 дана сабын дайындайды. Сұраныс артқан кезде 10 мың данаға дейін ұлғаяды. Әр сабынды 70-80 теңгеден саудалап, күніне 350 мың теңгенің өнімін өндіреді.

Отбасылық кәсіпті 2 адам дөңгелетіп отыр.

Аталған кәсіптің шығыны аз, өйткені қолданылған тоң май сатып алып, қайнатады. Кір сабын дайындау үшін бар керегі – тоң май мен сода. Негізгі тұтынушылар Жетісай ауданының тұрғындары. Өнімнің сапасы жоғары, әрі табиғи таза. Алдағы уақытта сұраныс артып, өнім өзге облыстарға жөнелтілетін болса, кәсіп иесі цехті үлкейтіп, қосымша жұмыс орындарын ашпақ.

Айта кетерлігі, 2020 жылы Жетісай ауданы бойынша жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 559 адам мемлекеттік грант алып, оларға кәсібін ашу үшін 309 млн теңге қаржы берілген.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді