jasqazaq.kz

Жетісайдан Алматыға жолаушы тасымалдаған

22 шiлде 2020, 16:34

Түркістан облысында карантин талаптарын бұзу мен дәрі-дәрмекті қымбатқа сатудың 180-нен аса дерегі тіркелді. Аталған заңбұзушылықтар полиция қызметкерлері мен басқа да мүдделі орган өкілдерінен тұратын мобильді топтардың күн сайын жүргізген рейдтік шара барысында анықталған.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, мобильдік топтармен карантиндік талаптарды сақтамау мен гигиеналық нормативтердің бұзылуы бойынша 148 жәйт анықталған. Оның ішінде 4 жайт үйлену тойы мен отбасылық жиындарды ұйымдастыру бойынша тіркеліп отыр. Сондай-ақ, рейдтік іс-шаралар барысында Түркістан облысы полицейлері дәрі-дәрмекті жоғары бағамен заңсыз сатудың 33 фактісін әшкере етті.

Мәселен, Жетісай ауданында аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ патрульдік полиция қызметкерлері Алматы қаласына бара жатқан 12 жолаушысы бар автобусты тоқтатқан. Автобустармен қалааралық жолаушытасымалға тиым салынғанына қарамастан қоғамдық көлік иелері жолға шыққаны анықталды.

Нәтижесінде жүргізуші мен жолаушылар автобусы Жетісай АПБ-на жеткізіліп, автобус айыптұраққа қойылды. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған ақпараттар шешім қабылдау үшін тиісті органға жіберілді.

Ал, Қазығұрт ауданында жергілікті тұрғыннан дәріханалардың бірінде дәрі-дәрмектер қымбат бағамен сатылып жатқаны жөнінде хабарлама түскен. Бұл жәйтті тексерген полицейлер дәріхананың сатушысының тұтынушыға «Анаферон» дәрісін және «ацетилсалицил қышқылының» қаптамасын жалпы сомасы 1600 теңгеге сатқанын анықтаған.

Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттары тиісті шешім қабылдау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Түркістан облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жолданған.

Сол күні Сарыағаш аудандық ПБ-нің полиция қызметкерлері 5 «Котенокс» бумасын 10 000 теңгеге сатып, пайда таппақ болған әйелді ұстаған.

Тәртіп сақшылары аталған дәрі-дәрмектерді тәркілеп алып, қазіргі уақытта аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде