jasqazaq.kz

Жетісайда малшы өзіне сеніп тапсырылған 155 қойды сатып жіберді

13 мамыр 2021, 11:40

Түркістан облысында қойшы бөтеннің 6 миллион тұратын малын ысырап етіп, жоқ қылған. Келес полициясына Жетісай ауданы тұрғындарының бірі арызданып келді.

Ол өз арызында 2018 жылдан бері Келес ауданы Бірлік ауылдық округіне қарасты қырлы жайылым жерде орналасқан мал қорасындағы қойларын Жетісай ауданының тұрғынына сеніп тапсырғанын айтады.

2020 жылдың қараша айы мен 2021 жылдың қаңтар айы аралығында мал басын түгендеп, арнайы екпесін салдыруға келгенде қойшының әрқайсысы 40 000 теңге болатын 155 бас саулық қойын жасырын жымқырып, ысырап етіп жібергенін көреді.

Жәбірленушіге келген материалдық шығын көлемі 6 миллион теңгеден асады.

Сондықтан, арызданушы аудандық тәртіп сақшыларынан заңды шара қолданып, келтірілген шығынды өндіруге ықпал жасауды сұраған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету» бойынша тіркелді.

Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында, қойшы болып жұмыс істеген күдіктіні ұстады.

Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, күдікті қойшы мал бағып жүрген жылдардың соңғы 3 ай ішінде оған сеніп тапсырылған қойлардың бір бөлігін заңсыз ысырап етіп, күніне 3-4 бас қойдан сатып отырған.

Ақшасын өз қажетіне жұмсаған. Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін толығымен мойындап отыр.

Бүгінде бөтен мүлікті иемдену және ысырап ету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті ешқайда кетпеу бойынша міндеттемеде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері мал иелеріне қырағы болу және өз мүлкінің сақталуын қадағалау қажеттігін ескертеді.

Үй малын жайылымдарда қараусыз қалдыруға болмайды, сондай-ақ оны танымайтын адамдарға бағуға сенім білдірмеңіз.

Мал ұстайтын қора-жайды мықты құлыптармен нығайту қажет, сондай-ақ малды сырғалап, ен-таңбаларын орнату керек.

Егер сіз мал ұрлығының куәгері немесе мал ұрлаудың құрбаны болсаңыз, тез арада «102» телефонына хабарласыңыз.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде