jasqazaq.kz

Жетісайда қауын пісті

27 мамыр 2019, 13:15

Түркістан облысы Жетісай ауданының диқандары алғашқы 30 тонна бақша өнімдерін көршілес Ресей Федерациясына жөнелтті. Диқан Ғабит Сабденов алдағы екі-үш күнде тағы да 90 тонна қауынды Мәскеу қаласының сауда орталықтарына аттандырмақ.

Биыл 30 гектарға қауын еккен шаруа қожалығының жұмысымен Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев арнайы барып танысып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Биылғы егістік жұмыстары ерте басталды дейді диқандар. Нақтырақ айтсақ, 8 наурыз күні 30 гектар егістік алқапқа қауынның 250 мың түп көшеті отырғызылыпты. Оның 15 гектарын «F-1 Дакара», 15 гектарын «Аэропорт» сорты құрайды. Диқанның айтуынша, қауын 70 күн аралығында жетіліп шыққан.

Енді бірер күнде жетісайлық диқандар алғашқы қарбыздарын Ресей еліне жөнелтуді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде сатып алушылар егістік алқап басында арту жұмыстарына әзірлену үстінде. Жалпы биыл Жетісай ауданында 15 мың гектардан астам жерге қауын-қарбыз егілген. Оның 8 мың гектардан астамын қауын дақылы құрайды.

otyrar.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда