jasqazaq.kz

Жетісайда егістік алқабында жаппай төбелес болды (видео)

11 маусым 2020, 10:09

 

Түркістан облысының Жетісай ауданында егістік басында жаппай төбелес болып, 12 адам жарақат алған. Осы оқиғаға қатысты екі адам қамауға алынды.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жаппай төбелестің видеосы әлеуметтік желіге тараған. Онда егістік басындағы диқандар бір-бірін таяқтап жатқаны көрінеді. Оқиғаны тексерген жетісайлық полицейлер төбелестің 29 мамыр күні болғанын айтады. Егістік алқабына шұғыл шыққан тәртіп сақшылары адамдар арасындағы төбелес егістікке жіберілетін суға таластан пайда болғанын анықтаған. Төбелестен кейін дәрігердің көмегіне 12 азамат жүгінген. Олардың бесеуі Жетісай аудандық ауруханасына жатқызылып, өзгелері алғашқы медициналық көмектен кейін үйлеріне қайтарылған.

«Аталған жайт ҚР ҚК-тің 293-бабымен тіркелді. Қазіргі таңда тұрғындардың алған дене жарақаттарының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.Тәртіп сақшылары тексеру барысында осы төбелеске қатысқан 2 азаматты ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша барлық тұлғаларды және кінәлілерді анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы тексерілуде» делінген хабарламада.

https://youtu.be/lERUccmmEr0

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде