jasqazaq.kz

Жетісай ауданында адам сүйектері далада шашылып жатыр

01 қазан 2019, 15:07

Жетісай ауданына қарасты Қызылқұм ауылдық округі «1-мамыр» елді мекенінің маңында шашылып жатқан адамдардың сүйегі тұрғындарды алаңдатып отыр.

Бүгінде адамдардың бас сүйегі шашылып жатқан аймақ 10 гектарға жуық аумақты алып жатқан бұрынғы «Асықата» кесенесінің орны Қызылқұм ауылдық округінің «1-мамыр» ауылынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан. Жергілікті ауыл тұрғындарының айтуы бойынша, мұндай сүйектер 2008 жылдан бастап жер бетіне шыға бастаған. Бұл жағдайдан аудан басшылары да, имам-молдалар да хабардар, бірақ, ешқандай нәтиже жоқ көрінеді. Жылда тұрғындар Сырдың суы тартылғанда шамалары жеткенше сүйектерді жинап «Шора молда» қорымына апарып құран оқып қайта көмеді екен. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының бірі «Асықата» қорымын көшіру 1965-жылдары «Шардара» су электр станциясының құрылысы басталардан алдын басталғанын айтты. Қазылып алынған мәйіттер жақын маңдағы қорымдарға қайта жерленсе, іздеушісі жоқтары сол жерде қалған көрінеді. Бір өкініштісі, адамдардың сүйегі шашылып жатқан аймақ аяқасты болып, мал жайылымына айналып кеткен. Ауылдың үлкендері адам сүйегінің аяқасты болғанына алаңдаулы.

ernur.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда