jasqazaq.kz

Жетісай ауданына блокпост қойылды

05 сәуiр 2020, 10:29

#үйдеотыр

Түркістан облысы Жетісай ауданында коронавирус жұқтырған 10 адам анықталды. Осыған қарай ауданда карантин енгізіліп,сақтық шаралары күшейтілді. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Екі бірдей ауыл қоршауға алынып, дерттің таралмауына барынша күш салынып жатыр. Осы төтенше жағдайды ескерген Құрбан ата ауылының тұрғындары жаман індеттің алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында өз ауылдарының кіреберіс қақпасына блокпост орнатты. «Бұндай жағдайға ел болып ақылдасып келіп отырмыз. Елдің әрбір адамының өмірі қымбат. Оның үстіне ауылымыз Жетісай қаласына жақын орналасқандықтан ауылға келімді-кетімді адамдар көп. Соның барлығын ескере келе осындай қадамға барып отырмыз дейді»,- ауыл тұрғыны Досым Ахметов. Бүгінде аталмыш ауылда 300-ден астам үйде 2793 адам тұрады. Қазіргі таңда ауылға тіршілікті қамтамасыз ету мақсатында кіріп-шығатын көліктер тіркеуге алынып, түгелдей дезинфекциядан өткізілуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде