jasqazaq.kz

Жетінші сынып оқушысы өлі табылды

20 қыркүйек 2019, 10:42

Ақтөбе облысы, Қайыңдысай ауылында 13 жастағы оқушы өлі табылды. Сарайда асылып тұрған жасөспірімнің денесін анасы тапқан, — деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. Жасөспірім мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз.

Өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша іс қозғалған. Қаза тапқан жасөспірімнің отбасының жағдайы жақсы болған және оның үй жағдайында өз-өзіне қол жұмсау дерегін полиция өкілдері тексереді. «Жантәсілім етералдындағы хат болмаған. Оның отбасының жағдайы жақсы, өз-өзіне қол жұмсау дерегі тексеріледі», — дейді Ақтөбе облысының баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов. Отбасында барлығы төрт бала болған. Қаза тапқан бала ең үлкені болатын. Олар Алматы облысынан қыркүйектің басында көшіп келген. Жасөспірім мектепте оқып жүрген. Оқиғадан бірнеше күннен кейін оның отбасы қайта көшіп кеткен. «Ол жетінші сыныпта оқитын. Бір сыныпта 3 оқушы ғана болған. Сыныптастарымен не отбасынмен жанжал болмаған. Сондықтан оның мұндай әрекетке баруына не себеп болғанын түсіне алмадық», — білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертлеуова.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде