jasqazaq.kz

Жетім балалардың тамағына бөлінген ақшаны мекеме қызметкерлері жымқыруы мүмкін

09 қыркүйек 2021, 12:20

Жетім балалардың тамағына бөлінген 26 миллионға жуық теңгені жымқырған. Елордадағы балалар үйінің бірінің директоры мен бас есепшісіне қатысты сот алды тергеу басталды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпараты бойынша, күдіктілер ақшаны бухгалтердің бұрынғы жұбайының атына тіркелген компания арқылы аударып алып отырған. Сондай-ақ, дәл осы кәсіпорынмен азық-түлік сатып алу және жеткізу келісімшарты жасаған. Бірақ оның ешқайсысы тиісті ережеге сәйкес келмейді.

ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

2019-2020 жылдар кезеңінде жасалған шарттар бойынша лауазымды тұлғалар аталған компанияға 130 миллион теңге аударған. Бұл жетім балаларға азық-түлік сатып алуға бөлінген. Соның 25,9 миллион теңгесін жымқырған. Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.

Дереккөз: astanatv.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде