jasqazaq.kz

Жеті өзбек ардагері Мәскеудегі шеруден соң қателесіп Сочиге кетіп қалған

14 мамыр 2018, 11:26

Өзбек ардагерлері Жеңіс күніне арналған шеруге қатысып болған соң, Мәскеуден қайтып келе жатқанда адасып кетті. Жеті майдангер Кисловодсктағы санаториялық емдеу мекемесіне барулары керек болған, бірақ қателесіп кетіп Сочиден бір-ақ шыққан, деп хабарлайды Today.kz Life.ru сайтына сілтеме жасап.

Бәрі Кисловодскқа билет алудан басталған: Өзбекстан делегациясы бағыттан шатасып, мүлдем басқа қалаға тап болған. Сочиге ардагерлермен бірге туысқандары мен дәрігерлер де барған.

Қала әкімшілігі бұл жағдайды білген соң оларды қуана қарсы алып, жатын орын ұсынып, Сочиді аралатқан.

Сочи билігі ардагерлерді Кисловодскқа аттандырған.

«Сочиде бірнеше рет болғам, шипажайында емделдім. Қазір қаланың қалай жақсарып кеткенін көріп тұрмын. Ұлы Отан соғысының қатысушылары атынан қонақжайлықтарыңызға мың алғыс», – деді өзбек ардагерлерінің бірі Бекқұла Хамзаев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде